Алматыда бір тәулікте 5 мыңнан астам адам вакцина салдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 5 396 адам коронавирус вакцинасын салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«16 тамыз күні 5 396 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің II компонентін салдырғандар саны - 5 273. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 16 тамызы аралығында қалада барлығы 817 196 адам вакцина алды. Вакцина салғандардың ішінде 108 398 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 екпе пункті жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 екпе бригадасы бар.

Сонымен қатар, 40 көшпелі бригада ұйымдастырылған.

«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар