Алматыда бір тәулікте 530 адамнан коронавирус анықталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1277 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10 ақпан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 530 адам коронавирус жұқтырған.
Барлық емделіп шыққандар – 144, келіп түскені – 122«Инфекциялық стационарларда 1 277 адам бар. (Төсек-орын 3310 ). Оның ішінде 73 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 93 адам жатыр.
Ал 22 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 32 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 12 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6474 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 6 046 науқас.
Симптомсыз 428 науқас бар.