Алматыда бір тәулікте 667 адамнан коронавирус анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3 754 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 667 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 574-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 93 -і симптомсыз ауырған.

«Инфекциялық стационарларда 3 754 адам бар (төсек-орынның жалпы саны 6 060), оның ішінде 96 бала емделуде. 920 ересек адам ауыр хәлде жатыр, 2 834 науқас орташа ауыр жағдайда ем қабылдауда», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 241 адам жатыр. Ал 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 94 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Медицина-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадалары мен телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 021 пациент бар. Оның ішінде 5301 адамда ауру белгілері бар, олар орташа ауыр жағдайда. 720 адамда ауру белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар