Алматыда бір тәулікте 682 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 682 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 575-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 107 -і симптомсыз ауырған.
«Инфекциялық стационарларда 3 756 адам бар (төсек-орынның жалпы саны 6 060), оның ішінде 72 бала емделуде. 925 ересек адам ауыр хәлде жатыр, 2 831 науқас орташа ауыр жағдайда ем қабылдауда», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 249 адам жатыр. Ал 24 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 98 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
Медицина-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадалары мен телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 081 пациент бар. Оның ішінде 5328 адамда ауру белгілері бар, олар орташа ауыр жағдайда. 753 адамда ауру белгілері жоқ.