Алматыда бір тәулікте 7 208 тұрғын вакцина салдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 7 208 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда бір тәулікте 7 208 тұрғын вакцина салдырды

«15 шілде күні 7208 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 14 шілде аралығында қалада барлығы 635 340 адам вакцина салдырды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер үлесі – 92 352», - деп хабарлады басқармадан.

Қалада 212 пункт жұмыс істеп тұр. 1 260 адамнан тұратын 308 егу бригадасы бар.

Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған.

«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.