Алматыда бір тәулікте 7,4 мың адам вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 7 469 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда бір тәулікте 7,4 мың адам вакцина алды

«27 қыркүйек күні 7469 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 2 746, II компонентін 4 723 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 27 қыркүйегі аралығында қалада 946 202 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 846 787 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 117 761 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 149 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 214 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.