Алматыда бір тәулікте 964 адамнан коронавирус анықталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1323 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
8 ақпан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 964 адам коронавирус жұқтырған.
Барлық емделіп шыққандар – 214, келіп түскені – 142
«Инфекциялық стационарларда 1 323 адам бар. (Төсек-орын 3310 ). Оның ішінде 87 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 99 адам жатыр.
Ал 24 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 34 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 19 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 7 277 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 6 787 науқас.
Симптомсыз 490 науқас бар.