Алматыда бір тәулікте бес мыңға жуық адам вакцина салдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 4872 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«15 тамыз күні 4 872 алматылық вакцина салдырды. Коронавирус екпесінің I компонентін 2 413 адам алды. II компонентін салдырғандар саны 2 459. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 15 тамызы аралығында қалада барлығы 811 800 адам вакцина салдырды. Вакцина алғандардың ішінде 107 996 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 маманнан құралған 237 егпе бригадасы бар.

Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған.

«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар