Алматыда бір топ танымал өнер адамдары, жазушы, спортшылар дауыс берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір топ танымал және өнер адамдары өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Алматының №622 сайлау учаскесінде дауыс берген Қазақстанның халық әртісі, кино және театр актері, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов қазақстандықтарды белсенді болуға шақырды.

«Қадірлі ағайын, бүгінгі күн – мемлекетіміз үшін, еліміз үшін ең бір маңызды күндердің бірі. Біз ата-бабамыздың аманатын арқалаған елміз. Келешек ұрпақтың арман-мүддесіне жауапты елміз. Сондықтан келіп, өз үміткерлеріңізді таңдаңыздар, дауыс беріңіздер. Менде өз даусымды бердім», – деді ол.

Алматыда «Дос-Мұқасан» ансамблінің солисі Мұрат Құсайыновтың пікірінше, елге саяси өзгерістер қажет. Сайлаудан кейінгі өзгерістер қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласына әсер етеді.

«Атап айтқанда, экономикалық өсіп артып, жаңа әлеуметтік бағдарламалар пайда болады»,- деді композитор.

Әнші Мұқасан Шахзадаев те дауыс берді.

«Біз тұрғылықты мекенжай бойынша №157 сайлау учаскесінде өз таңдауымызды жасадық. Жаңадан сайланған Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыруға үлес қосады деп үміттенеміз», - деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұқасан Шахзадаев.

Сондай-ақ, Жәмила Серкебаева да № 254 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Бүгін Ұлттық кітапханадағы өзімнің учаскеме бардым. Дауысымды бере отырып, елімізде әрқашан бейбітшілік болады деп үміттенемін. Біз өркениетті елдердің қатарына кіруге тырысамыз. Еліміз көпұлтты, бұл Отанымыздың және менің интернационалды отбасымның ерекшелігі. Мемлекет дамиды, ортақ мәдениет артады әрі жақсы жаққа қарай өзгерістер болады деп үлкен үміт артамын», - деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Серкебаева.

Ал Мақпал Жүнісова Президент сайлауына қызымен бірге келді.


Одан бөлек, Алматыдағы №301 сайлау учаскесінде жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин да дауыс берді.

«Елімнің іргесі шайқалмасын, мықты болсын, бірауызды болайық, ұрпағымыз ақылды болсын, болашағымыз бекем болсын деген өзімнің жүрек қалауыммен келген даусымды бердім. Ұрпағыма болашақты қамтамасыз ететін Қазақстанға дауыс беру үшін келдім», - деді ақын, Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин.

Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаевта Алматыда өзінің азаматтық борышын орындады.

«Сайлауда біз республиканың әлеуметтік, идеологиялық және ең бастысы экономикалық дамуын қамтамасыз ететін елдің лайықты көшбасшысын анықтайтынымызға сенімдімін. Бұл біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды. Мен еліміздің болашағы үшін өз дауысымды бердім,- деді Бақтияр Тайлақбаев.

Алматыда спортшылар да саяси белсенділік танытып жатыр.

Былғары қолғап шебері Назым Қызайбай «Ақжар» шағын ауданындағы №186 орта мектепте орын тепкен №515 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Президентін сайлауға үлес қосты.


Соңғы жаңалықтар