Алматыда бір түн ішінде 3 көлік өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бір түн ішінде 3 көлік өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД-ның баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.
None
None

Түнгі сағат 03.15-терде Жандосов көшесіндегі 29 үйдің маңында тұрған «Тойота» көлігінің өртеніп жатқаны туралы хабарланды. Өрт көліктің мотор бөлігінде тұтанып, салонды шарпыған.

Түнгі 01:30-да әл-Фараби мен Шашкин көшелерінің қиылысында «Мазда» отқа оранды. Өрт аумағы 5 шаршы метрді шарпыды. Тілсіз жауды өрт сөндірушілер 01:47-де сөндірді.

Таңғы сағат 04:48-де Шаңырақ-2 шағын ауданында «Самсунг» көлігінде өрт шықты. Қызыл жалын 4 шаршы метрді шарпыды.

Баспасөз хатшысының айтуынша, жапа шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар