Алматыда бір түнде мемлекеттік нөмірі жоқ 50 автокөлік ұсталды
«Бұл қалай болады. Бірнеше автомобиль жүргізушісі жиналады. Көліктерінің тіркеу нөмірлері әдейі алынған. Олар жарыс ұйымдастырады, яғни у-шу, жол ережесін ғана емес, азаматтардың тыныштығын да бұзу. Ең бастысы – жолда кетіп бара жатқан тұрғындардың өміріне қауіп төндіреді. Өткен түнде арнайы батальон қызметкерлері тексеру жүргізіп, бір аумақтың өзінен мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ 8 автокөлікті ұстады, екеуінің жүргізушісінде ешқандай құжат болмаған, үш көлікте дыбыс зорайтқыш құрылғылар заңсыз орнатылған, оларды кейін тәркіледі. Жоғарыда айтылған автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.
Сондай-ақ, спикер қала жолдарын патрульдік полиция тәулік бойы тексеріп жүретінін атап өтті. Мұндай әрекеттердің жолы кесіліп, айыптылар жауапқа тартылады.
Автор: Данияр Дәуіталиев