Алматыда біраз үйлер 6 сағат жылусыз қалды

АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат - Алматыда 70 шақты ғимарат алты сағатқа жылусыз қалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеше сағат 11.00-де Масанчи және Әйтеке би көшелерінің қиылысында диаметрі 500 мм ыстық су құбыры жарылды. Оқиға салдарынан Наурызбай батыр, Шәріпов, Гоголь және Қазыбек би көшелерінің арасындағы аумақта 43 көпқабатты үй, 22 әкімшілік ғимарат, 4 жекеменшік үй, 3 аурухана және 2 балабақша жылусыз қалды. Сағат 17.00-ге қарай жылу желісі қалпына келтірілді. Төтенше оқиғаның салдарын жоюға «Алматы жылу желісі» компаниясының арнаулы бригадасы жұмылдырылды.
Соңғы жаңалықтар