19:34, 16 Наурыз 2016 | GMT +5
Алматыда бірінші курс студенттерінің Алмалы саяжолы пайда болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда «Нархоз» университеті студенттерінің күшімен осы жоғары оқу орнының аумағында бірінші курс студенттерінің Алмалы саяжолы бой көтерді.

Студенттер саябаққа 100 алма көшетін отырғызды.
Бұл шара үшінші жалпықалалық «Alma Qala» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Акцияның басты мақсаты - қала тұрғындарының өзінің сүйікті қаласы, ауласы, көшесі үшін жауапкершілігін арттыру.