Алматыда бірінші тоқсанда банктер нақты секторға 1,1 триллион теңгенің несиесін берді ? Ахметжан Есімов

АЛМАТЫ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда бірінші тоқсанда банктер нақты секторға 1,1 триллион теңгенің несиесін берді. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін Қазақтың әл -Фараби атындағы ұлттық университетінің ұжымымен болған кездесуде айтты,

Алматыда бірінші тоқсанда банктер нақты секторға 1,1 триллион теңгенің несиесін берді ? Ахметжан Есімов
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Екінші деңгейлі банктерден берілген несие қалада 1-ші тоқсанда өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 23 пайызға артық. Ол Алматыда өткен жылдан бастап төмендей бастаған болатын. Сәуір айында оның көлемі 30 пайызға азайып, кейін қайта өсіп 40 пайызға жетті. Бұл өсім экономикаға жылдың екінші жартысынан бастап өз әсерін тигізе бастайды», дейді Ахметжан Смағұлұлы. Қаржы ағыны мен ұйымдары шоғырланған Алматыда еліміздегі банктік салымдардың 57 пайызы, ал несиенің 75 пайызы беріледі. Қала әкімінің айтуынша, биыл алғашқы тоқсанда заңды және жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері 20 пайызға өсіп, 1 триллион 850 миллиард теңге болды. Оның 1 триллионы заңды тұлғалардың, ал 800 миллионан астамы халықтың ақшасы. Бұл банкке деген сенімнің қалпына келе бастағанының айғағы. Қазіргі таңда алматылықтардың орташа айлық жалақысы 89 мың теңгені құрап отыр. Бұл өткен маусыммен салыстырғанда 7 пайызға артық.