Алматыда бірқатар көше мен үйлердің ауласын су басты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда нөсер жауын жауып, қала аумағында бірқатар көше мен тұрғын үйлердің ауласын су басып қалды. Жауынның салдарын жоюға төтенше жағдай қызметкерлері жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, түні бойы тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан Алатау, Бостандық және Жетісу аудандарында көшелер мен тұрғын үйлердің ауласына су толды.

«Су басудың себебі - арық желілерінің тұрмыстық қалдықтармен бітеліп қалуы. Қала тұрғындарынан түскен хабарламаларға ТЖ департаментінің аудандық бөлімшелерінен су соратын техника мен адамдар жіберілді»,- деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.

Айта кетерлігі, «Қазгидромет» ұсынған мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте қала аумағына 36 мм жаңбыр жауған, бұл орташа айлық нормадан тыс. Ауа райы болжамына сүйенсек, жаңбыр бүгін де күні бойы жауады.


Соңғы жаңалықтар