Алматыда бірқатар көше үш күнге жабылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының кейбір көшелері жол жөндеу жұмыстарына байланысты үш күнге жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда бірқатар көше үш күнге жабылады

«Алматы жылу жүйесі» мекемесінің мәліметінше, 11 тамыз түнгі сағат 22.00-ден 14 тамыз таңғы сағат 6.00-ге дейін Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан Ангарская, Мақатаев және Палладин көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі. Енгізілген шектеулер осы көше учаскелерінің жүріс бөлігімен өтетін құбырларды қайта құру бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту схемасын алдын ала қарастыруды сұраймыз», - делінген хабарламада.