13:00, 16 Маусым 2020 | GMT +6
Алматыда бірқатар көшеге су беру тоқтатылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Алмалы ауданында бірнеше сағатқа су беру тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«17 маусымда таңғы 9-14:00 аралығында Мақатаев –Райымбек –Мұратбаев -Есентай, Мақатаев–Гоголь–Мұратбаев-Қожамқұлов көшелеріндегі әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлерге суық су беру уақытша тоқтатылады», -деді «Алматы Су» МКК баспасөз қызметінен.
Уақытша қолайсыздықтар бұл жерге жаңа су құбырының қосылуына байланысты туындап отыр.
Сусыз қалған әлеуметтік нысандар мен денсаулық сақтау нысандарына өтінім бойынша су жеткізілетін болады.