Алматыда бірқатар көшеге танымал тұлғалардың есімі беріледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімдігі мен мәслихатының атауы жоқ көшелерге жаңа атау беру туралы бірлескен қаулысы әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қаланың бірнеше ауданында орналасқан атауы жоқ көшелерге көрнекті тұлғалардың есімдері беріледі. Бұл туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Онда Алатау ауданы «Нұркент» шағын ауданындағы № 1 жобалық атауы бар көшеге Аднан Мендерестің есімі берілетіні жазылған. Бостандық ауданы «Ерменсай» шағын ауданындағы № 2 жобалық атауы бар көшеге – Жақсылық Үшкемпіровтің есімі, № 4 жобалық атауы бар көшеге – Қаршыға Ахмедьяровтың, № 5 жобалық атауы бар көшеге – Шолпан Жандарбекованың есімдері беріледі.

Бостандық ауданы «НұрАлатау» шағын ауданындағы № 12 жобалық атауы бар көше – Ғазиза Жұбанова көшесі, № 13 жобалық атауы бар көше – Кәкімбек Салықов көшесі деп аталмақ. Сол сияқты, Бостандық ауданы «Нұрлытау» шағын ауданындағы № 6 жобалық атауы бар көше Роза Жаманова көшесі деп аталады. Медеу ауданындағы № 2 жобалық атауы бар көшеге – Тимофей Седельниковтың есімі, № 7 жобалық атауы бар көшеге Мәшһүр Жүсіптің есімі таңылады. Медеу ауданы «Алатау» шағын ауданындағы №14 жобалық атауы бар көше Лев Гумилев көшесі деп аталмақ.

Алматы қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының және Алматы қаласының ономастикалық комиссиясының, республикалық ономастикалық комиссияның оң қорытындылары қабылданды.

Құжат 27 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» веб-сайтында жарияланды.


Соңғы жаңалықтар