Алматыда бірқатар көшелердің тұрғындары салқын сусыз қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматы қаласының су желілерінде апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірқатар көшелердің бойында орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындары салқын сусыз қалды.

Алматыда бірқатар көшелердің тұрғындары салқын сусыз қалды

Бұл туралы бүгін «Алматы су» МКК баспасөз қызметі хабарлады.

Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты таңғы сағат 09:00-ден бастап, апаттық-қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталғанша Қабанбай көшесінің бойында орналасқан №109 және 111-ші тұрғын үйлерде салқын су болмайды.

Сонымен қатар, Зверев көшесі бойында орналасқан тұрғын үйлерде де күндізгі сағат 13:00-ден бастап, қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанша салқын су желіден уақытша ажыратылады.