Алматыда бірқатар шағын аудан мен көшелерге су беру шектеледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда сумен жабдықтау желілері мен нысандарындағы профилактикалық жұмыстарға байланысты Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су беру уақытша шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Алматы Су» кәсіпорнының мәліметінше, сумен жабдықтау желілері мен нысандарындағы профилактикалық жұмыстарға байланысты 9 мамыр сағат 20:00-ден бастап келесі мекенжайлар бойынша орналасқан тұтынушыларға су беру шектеледі: Юбилейный шағын ауданы, Тау Самал шағын ауданы (Каменское плато), «ВИП әлем» коттедж қалашығы, «Европолис» ТК, Керей Жәнібек хандар көшесі, Оңдасынов көшесі, Ладушкин көшесі, Оспанов көшесі, Қыз Жібек көшесі, Жәнібеков көшесі, Найманбаев көшесі, Достық даңғылы, Чайкин көшесі.

«Қажымұқан, Байжанов, Луганский, Достық даңғылы, Нұрмағамбетов көшесі, Сахариев көшесі, «Көк төбе» шағын ауданы, «Самал 1-3» шағын ауданы, «Горный гигант» шағын ауданы көшелеріндегі желілердегі су қысымының төмендеуі мүмкін», - деп хабарлады «Алматы Су» МКК-да.


Соңғы жаңалықтар