Алматыда бірқатар шағын аудан суық судан ажыратылады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының Бостандық ауданындағы бірқатар тұрғын үйлер мен нысандар таңнан кешке дейін суық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» МКК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 18 сәуір күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Бостандық ауданының аумағында, яғни, Кекілбаев – Витебская – Гагарин – Левитан көшелерінде, сондай-ақ «Бағанашыл -2», «Қазақфильм», «Нұр Алатау» шағын аудандарында орналасқан тұрғын үйлер мен нысандар суық судан ажыратылады.

«Суық судан ажырату себебі - жаңа су құбырының магистральдық желілеріне қосылу үшін жасалып отыр. Судан ажырату кезінде денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік саланың өзге де нысандарына су автоцистерналармен жеткізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп хабарлады «Алматы Су» МКК баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар