10:03, 26 Мамыр 2023 | GMT +5
Алматыда бірқатар шағынауданда су болмайды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірқатар шағынаудан бір күнге суық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» МКК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
![None None](/static/img/plug.webp)
Кәсіпорынның мәліметінше, сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты бірқатар шағынауданда суық су болмайды.
«30 мамыр күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін»Орбита-1, 2, 3, 4«,»Таугүл - 1, 2«,»Мамыр-1, 4, 5, 6, 7«,»Алмас«,»Атамекен«,»Қуаныш«,»Достық«шағынаудандары мен М.Кәрім, Цветочная, Ықылас, Тойбастар, Тайбұрыл, Пролетарская көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарға суық су беру уақытша шектеледі», - делінген хабарламада.