Алматыда бірқатар үй жылусыз қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Медеу ауданында жылу желісі істен шықты. Салдарынан бірқатар үй жылусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін, 8 қазанда диаметрі 600 мм магистральдық құбыр істен шықты. Салдарынан Чайкин - Назарбаев - әл -Фараби – Достық көшелерінің бойында орналасқан үйлер жылусыз қалды. Қазір ақау шыққан желілер қайта қалпына келтіріліп жатыр. Жылу бүгін түнгі сағат 22:00-ге дейін беріледі»- деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметінен.
«Алматы жылу желілері» ЖШС мәліметтері бойынша, бұл жылу желісі осыдан 30 жыл бұрын іске қосылған.
Айта кетейік, Алматыда 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымы 2 қазан күні басталды.
Жылу жүйесіне ең алдымен денсаулық сақтау, білім ғимараттары мен басқа да әлеуметтік объектілер қосылды.


Соңғы жаңалықтар