Алматыда «Бірлігіміз жарасқан» акциясы аясында Астана күніне арналған мерекелік шаралар өтуде

;АЛМАТЫ. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда «Бірлігіміз жарасқан» акциясы аясында Астана күніне арналған мерекелік шаралар өтуде. Мереке қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен өткен велошерумен ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін қала алаңдарында кешке дейін "Арман кубогына" және Азиада - 2011 ойындарын қолдау мақсатында спорттың әр түрінен бұқаралық жарыстар, жеңімпаздар шеруі, "Алыптар сайысы" атты музыкалық әзіл-шоулар өтетін болады. Спорттық жарыстар кәсіби спортшылар мен ниет білдірушілер арасында өтеді.

Жарыстарға өтініш білдірген барлық Алматы жұртшылығы қатысуда. Олар велосипед, стритбол, жағажай волейболы, жүгіру сынды спорт түрлерінен жарысқа түсіп, күш сынасуда.

Бүгін сонымен қатар, аталмыш шара аясында "Есірткісіз болашақ үшін" атты жастар шеруі өтті. "Астана" алаңынан бастау алған шеру Орталық демалыс паркінде аяқталды. Акцияға спортшылар, мәдениет қайраткерлері, жастар және студенттік ұйымдар және қала жұртшылығы қатысты. Шеру соңында есірткіге қарсы белсенділік көрсеткен 15 күрескер және жасөспірімдер арасында өткен VI-шы спартакиада жүлдегерлері арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Кешке «Медеу» спорт кешенінің стадионында «Арман кубогына» өткен жарыстың жүлдегерлерін марапаттауға арналған Жеңімпаздар шеруі болады.

Іс-шара «Тамаша» мен «Наша казашаның» арасындағы - «Алыптар сайысымен» аяқталады. Шоуға Нағима Есқалиева, Парвиз Назаров, Қайрат Түнтеков, Мәдина Садуақасова, Жәмилә Серкебаева, Ақжол Мейірбеков, Толқын Забирова, Бахыт Шадаева, «Үркер», «Дауыс Интернешнл» топтары және тағы да басқа эстрада және балет жұлдыздары қатысады. Кештің арнайы қонағы ресейдің танымал әншісі - Тимати.

Соңғы жаңалықтар