Алматыда бірнеше көлік соқтығысты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бастапқы болжам бойынша мас болған жүргізуші машинасымен бес көлікті соқты, жол-көлік оқиғасынан 15 жастағы жасөспірім зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орыннан.
None
None

Honda Accord автокөлігінің жүргізушісі Момышұлы мен Саин көшесінің арасында Абай даңғылының бойында жылдамдықты асырып, Mitsubishi Galant машинасына соғылған. Honda қатты соққыдан қарсы бетке шығып кетіп, тағы үш автомобильді: Volkswagen Golf III,  Mazda 323 мен Hyundai Accent-ті соққан. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетипек болып, тағы бір машинаны -  Mitsubishi Space Wagon-ды сырып кеткен.

Басқа көліктің иелері жол апатына кінәліні ұстап алуға әрекеттенгенімен ол оқиға орнынан сытылып кетті. Қазір ол көлікке іздестіру жарияланды. Жол-көлік оқиғасынан Hyundai Accent-те отырған 15 жастағы қыз бала зардап шекті. Оны жедел жәрдем алып кетті.

Ол жол апатына қатысты басқа да тұстарды Алматы қалалық жол полициясы мен анықтаушылар нақтылайды. 

Соңғы жаңалықтар