Алматыда бірнеше көше жабылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ертең Алматыда бірнеше көшеде қозғалыс  жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда бірнеше көше жабылады

Қала күні қарсаңында Астана алаңына  «Gakku Дауысы» қазақстандық музыка фестивалі өтеді. Соған байланысты Төле би көшесінің Фурманов пен Абылай хан көшелерінің арасы кешкі сағат 16:00 мен 24:00-де аралығында жабық болады.

Көшедегі халық көп болса, онда Желтоқсан көшесіне дейін жабылуы мүмкін.

Сонымен қатар Абылай хан көшесі Бөгенбай көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін жабылады.

Соған байланысты  қалалық полиция жүргізушілерге жол маршрутын алдын ала ескеріп шығуға кеңес береді.