Алматыда бірнеше көше жолы ішінара жабылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 10 қазан, жексенбі күні Алматыда «Tour of Kazakhstan. Almaty 2021» әуесқой веложарысының екінші кезеңі өтеді. Осыған байланысты «Медеу» мұз айдынына апаратын автожол ішінара жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда бірнеше көше жолы ішінара жабылады

Қазақстан велоспорты федерациясы мәлімдегендей, веложарыс таңғы 9.30-да «Royal Tulip» қонақүйінің жанында басталады. Жарыстың мәресі сағат 11.00-де «Медеу» мұз айдынында өтеді деп жоспарланды.
Осыған байланысты қаланың Достық даңғылы мен Оспанов көшесінің қиылысынан «Медеу» мұз айдынына дейінгі автожол аралығы таңғы 9.30-дан 11.00-ге дейін жабылады.
Федерация өкілдері қала тұрғындарынан бұл күні көлікпен жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуды ескертті.