Алматыда бірнеше көше жылу жүйелерінің қайта жаңғыртылуына байланысты жабылды

АЛМАТЫ. 24 шілде. ҚазАқпарат - Алматыда Құрманғазы көшесі бойында Мұқанов және Мұратбаев көшелері арасындағы аралық көлік қозғалысы үшін жол жабылды,

Алматыда бірнеше көше жылу жүйелерінің қайта жаңғыртылуына байланысты жабылды

 деп хабарлады қалалық ІІД жол полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл учаскедегі көлік қозғалысына қойылған шектеу жылу жүйелерінде жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты болып отыр. Жұмыс кестесіне сәйкес техникалық ыңғайсыздықтар ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін жалғасады.

Алматы қаласы ІІД-нің жол полициясы барлық жүргізушілерге  уақытша кедергілерге түсіністікпен қарауға, балама қозғалыс бағыттарын алдын ала таңдауды, жол белгілерін және ҚР жол полициясының барлық талаптары мен нұсқауларын  қатаң сақтауды сұрайды.