Алматыда бірнеше маңызды нысанға архитектуралық жарық орнатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қаланың маңызды нысандарына архитектуралық жарықтандыру қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматыда бірнеше маңызды нысанға архитектуралық жарық орнатылды

Кешке қарай Ықылас атындағы халық аспаптары музейі, Офицерлер үйі, 28-ші гвардияшыл- панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ Мемориалы мен Бауыржан Момышұлының ескерткіші, Жамбыл атындағы республикалық филармония мен Қазақ мемлекеттік  циркінің ғимараттары түнгі жарық нұрына  бөленеді.

nullҚазіргі кезде архитектуралық жарық көздері көптеген мегаполистерде қолданылады.

Олар көрнекі орындарды айшықтай түсіп, кешкі серуен кезінде қолайлы жағдай туғызады. Өз кезегінде заманауи  энергияжинақтаушы технологиялар электр қуатын үнемдеп, жарық көздерінің ұзақтығын қамтамасыз етеді.

nullАлматыда соңғы екі жылда қала ғимараттарын, нысандары мен ландшафтарын кешкі және түнгі жарықтандырудың бірыңғай архитектуралық стилін қалыптастыру барысында 120-дан астам маңызды архитектуралық нысанға көмескі жарық көздері орнатылды.

nullОлардың арасында Тәуелсіздік Монументі, «Қазақстан» қонақ үйі, «Көктөбе» телемұнарасы, Абай атындағы опера және балет театры, Республика Сарайы, Әуезов атындағы мемлекеттік драма театры, Қастеев атындағы музей, Орталық мешіт, Свято-Вознесенский кафедралды соборы бар.

Алматының бір стильдегі архитектуралық жарық көздері бюджеттен тыс қаржы көздерінен төленіп жатыр.

null null  null