Алматыда бірнеше жеке тұрғын үй отқа оранды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 3 тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап. 

Алматыда бірнеше жеке тұрғын үй отқа оранды

«Алматы ТЖД қызметінің «101» пультіне 30 шілде күні сағат 14.00-де 3 жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабар түсті. Алмалы ауданына қарасты Маршак көшесіндегі 95,97,97 «А» үйлер отқа оранған. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде, жеке тұрғын үйлер лапылдап жанып жатқан. Өрт сөндіру кезінде 6 газ баллоны шығарылды. Құтқарушылар жалынның жақын маңдағы шаруашылық құрылыстарына тарамауына күш салды. Өртті ауыздықтауға жарты сағат уақыт кетті. 15.03-те өрт толығымен сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 280 шаршы метрді қамтиды. Құтқару жұмыстарына 35 өрт сөндіруші мен 11 техника жұмылдырылды»,-деді қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

null