16:22, 22 Тамыз 2022 | GMT +5
Алматыда биыл 12 мың оқушы 1-сыныпқа барады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа шамамен 12 мың оқушы қабылданады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 12 мыңға жуық бала қабылданады деп күтілуде. Оның 7 мыңы қазақ сыныбына, 5 мыңы орыс сыныбына барады»,- деді спикер.
Айдын Сайлаубай 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік мектептердің 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілетінін атап өтті.
«Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен жыл соңына дейін 5,3 млрд теңге бөлінді»,- деп толықтырды білім басқармасының өкілі.
Жалпы, Алматыда 301 мектеп бар, оның 210-ы мемлекеттік, 91-і жекеменшік.