Алматыда биыл 160 мың оқушы мектепке барады

АЛМАТЫ. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Алматыда биылғы жаңа оқу жылында  оқуға баратын 160 мың оқушының 20 мыңы бірінші сыныпта оқиды.

Алматыда биыл 160 мың оқушы мектепке барады

Бұл бүгін «Білім беру жүйесін жаңғырту - адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» деген тақырыппен өткен  білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде айтылды.

«Алматыда 222 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның  181-і мемлекеттік, 41-і жекеменшік. Мектептердің  88-і жаңа үлгіде. Ағымдағы жылы қазақ тіліндегі №177 жаңа мектеп пен   13 сынып ашылды. Мектептердің қамтылуы 1810 орынға ұлғайып,  жалпы саны 70 954 адамға жетті», - деді қалалық білім басқармасының бастығы Рахат Шимашева. Оның айтуынша, енді әрқайсысы 680 орындық  2 кәсіптік мектеп салу жоспарлануда.  Алдын-ала мәлімет бойынша 2015 жылы 1 қыркүйекте мектепке баратын оқушылардың жалпы саны 165 мыңға жетеді. Оның 23 мыңға жуығы бірінші сыныптағылар болмақ.