Алматыда биыл 20 мың оқушы бірінші сыныпқа қабылданды
АЛМАТЫ. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат - Биыл Алматыдағы 160 мың оқушының 20 мыңы бірінші сыныпқа кірді. Қазіргі таңда қалада 222 жалпы білім беретін мектеп бар.
Оның 181-і мемлекеттік, 41-і жекеменшік. Онда енді 23 мыңға жуық оқытушы балаларды білім нәріне сусындатпақ. Сондай-ақ бүгінгі таңда шаһардың «Алғабас», «Ақбұлақ», «Ақкент», «Қарасу» және «Шаңырақ-5» ықшам аудандарында тағы 7 мектеп салынуда. Сондай-ақ жыл соңына дейін «РВ-90» ықшам ауданында кәсіптік лицей ашылатын болады. Қалалық білім басқармасының бастығы Рахат Шимашеваның айтуынша, алдын-ала мәлімет бойынша 2015 жылы оқушылардың саны 165 мыңға жетіп, оның 23 мыңы бірінші сыныпқа қабылданады.