Алматыда биыл 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Алматыда 2016 жылы құрылыс және күрделі жөндеу бойынша 164 жобаны жүзеге асыру 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Жұмыспен қамту орталығына жүгінген үш мыңнан астам жұмыссыз жүргендер жұмыспен қамтылады.
2016 жылы Алматыда Жұмыспен қамту кешенді жоспарына сәйкес, 23 413 адам жұмыспен қамтылса, олардың ішінде 13 744 адам мемлекеттің қолдауынсыз жұмысқа орналасады.
Одан басқа, Алматы қаласы бюджетінде қарастырылған жобаларды жүзеге асыру тағы да 4,3 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Ал Алматыда мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында Жұмыспен қамту орталығына жүгінген жұмыссыздарға жұмыс орындары бойынша квота беру практикасы енгізіледі.
Бүгінгі таңда қалада аудан әкімдіктері мен кәсіпорындар және кәсіподақтармен 351 134 жұмыс орнын сақтау бойынша 25 533 меморандумға қол қойылған.
Жалпы, Алматыда қаланы дамыту және «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында тұрғындарды жұмыспен қамту шараларына 6 млрд. 798 мың теңге бөлінген.