Алматыда биыл электрлі самокат қолданушылары бес есе көбейген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда биыл электрлі самокат қолданушыларының саны бес есе өсті. Бұл туралы брифинг барысында «Jet Sharing» ЖШС директоры Мейрамбек Әбелқасов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мейрамбек Әбелқасовтың айтуынша, жыл басынан бері самокаттардың ұшырауымен 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

«33 жол апатында зардап шеккен 14 адамға сақтандыру ақысы төленді. Биыл мұндай жол-көлік оқиғасы жиілегінін көріп отырмыз. Алайда, самокатты қолданушылар саны 5 есе өскенін ескерсек, онда жол-көлік оқиғасы аз болып шығады. Адамдар самокатқа үйреніп қалды, оны қалай қолдану керектігін біліп жатыр. Жол-көлік оқиғалары негізінен жол бойындағы автокөліктермен болып жатыр», - деді спикер.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімдігі мен электрлі самокаттарды жалға беретін операторлар мегаполисте құрал қолданысын реттеу мақсатында ынтамақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғаны туралы жазған едік.

Меморандум аясында электрлі самокаттармен жаяу жүргіншілер жолағында, саябақтарда және бұқаралық іс-шаралар өтетін қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынады.

Қала аумағында электрлі самокаттардың жылдамдығы – 25 км/сағ болып бекітілді.

Сондай-ақ, электрлі самокаттарды тек 16 жасқа толған тұлғалар ғана жалға ала алады.


Соңғы жаңалықтар
telegram