17:58, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
Алматыда биыл облыстық автобустар үшін 5 айналма алаңқай салынады - Асқар Тойбаев
АЛМАТЫ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда енді облыстық автобустар қалаға кіргізілмейтін болды. Оны жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Асқар Тойбаев бүгін қалалық әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Биыл Жұлдыз, Көжиек, РВ-90, Таугүл ықшам аудандарында және Төле би мен Яссауи көшелерінің қиылысында облыстық автобустар үшін 5 айналма алаңқай салынады. Оған 17 маршруттық автобус кіріп, 354 жүргізушінің демалып, тамақтануына қолайлы жағдай жасалады. Қазіргі таңда сметалық құжаты дайындалып, қаржы бөлініп отыр», - дейді Асқар Тойбаев. Оның айтуынша, бұл шара сырт жақтан келген қоғамдық көліктердің қалаға кіріп, ауа бассейнін ластамауы үшін жасалуда.