Алматыда биыл үй кезегінде тұрған әрбір төртінші отбасы пәтерлі болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Бүгін Алматыда 120 отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтер кілттерін Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен «Ипотекалық ұйым» Қазақ ипотекалық компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Айта кету керек, пәтерлер бұрынғы атлет ауылынан берілді.

null 

Қала әкімінің айтуынша, ел Президентінің тапсырмасы бойынша Алматыда «Нұрлы жол» бағдарламасының  инфрақұрылымдық жобаларына 20 млрд теңге,  ал дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 33 млрд теңге бөлінген.

null 

Қалада өткен жылдан бері кезекте тұрғандарға 4 мыңға жуық пәтер берілген.

null 

Бұл көрсеткіш 2014-2015 жылдармен салыстырғанда екі есеге артық.

null 

«Алматыда «Нұрлы жол» бағдарламасы  аясында алғашқы бес жыл ішінде құны 140 млрд теңге болатын  670 мың шаршы метр  тұрғын үй салынады. Жыл қорытындысы бойынша  үй кезегінде тұрған әрбір төртінші отбасы тиесілі пәтерін алады. Бүгін біз кезекте тұрған 120 отбасыға пәтер кілттерін тапсырамыз, олардың арасында мүгедектер, көпбалалы және толық емес отбасылар, мемлекеттік қызметкерлер, бюджет қызметкерлері, әскерилер бар. Бұлардың басым  көпшілігі - пәтер жалдап немес туыстарының үйін паналап, пәтер  кезегінде  ұзақ тұрғандар» - деді Б.Байбек.

null 

Алматы  әкімі халыққа пәтер бөлуді барынша ашық жүргізу үшін  түрлі шаралардың жүзеге асқанын жеткізді. Бұдан былай үй кезегіне қою және кезектің жылжуы Электронды үкімет порталы  арқылы жүретін болады. Сонымен қатар,  алғаш рет кезектің  электронды  инвентаризациясы енгізілген,  яғни кезекте тұрғандар жыл сайын Тұрғын үй басқармасына келмей - ақ дистанциялық жүйе арқылы өзіне қатысты мәліметті біледі. Тағы бір жаңалық,  СМС- хабарлар арқылы да қажетті мәліметті алуға болады. Бұлардан өзге, кезекте тұрғандар арасында автономды кесте арқылы пәтер бөлу механизмі  жыл аяғына дейін енгізіледі.

null 

Атлеттер ауылының кешені 23 гектар аумақты алып жатыр, мұнда 14 тұрғын үй бар. Оның айналасы заманауи видебақылау жүйесімен, өрт қауіпсіздігмен толық қамтылған. Ауыл кешенінде ХҚКО, емхана, супермаркет,  банк және пошта бөлімшелері, полицияның тірек пункті жұмыс істейді. Атлеттер ауылын салуға заманауи әрі экологиялық таза материалдар пайдаланылды.

null 

Атап өтерлік жайт, Алатау ауданы құрылғалы бері мұндағы тұрғындар саны 1,5 есеге артып, 200 мың адамға жетті. Сегіз жыл ішінде ауданды дамытуға қала бюджетінен 200 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, соның арқасында халықаралық деңгейдегі Алматы Арена спорт нысаны, әкімдік, сот, прокуратура, салық, арнайы ХҚКО, АІІД ғимараттары, заманауи мәдени нысандар, мектептер, бала бақшалар, емханалар мен ауруханалар іске қосылды. Жаңа мешіт салынып жатыр. Үлкен Алматы каналының айналасы, Боралдай  өзенінің жағалауы абаттандырылды.

null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар