Алматыда «Біз ? интернационалистерміз» атты халықаралық акция өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат - Ақпанның 3-6-сы аралығында Алматы қаласында «Біз – интернационалистерміз» атты халықаралық акция өтеді.
None
None
Бұл ауқымды шара Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл толуына орайластырылып отыр. Халықаралық деңгейдегі басқосуға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкімет басшылары жанындағы Жауынгер-интернационалистер ісі жөніндегі комитет өкілдері, ТМД және Балтық елдерінің ардагер-интернационалистері, сондай-ақ қазақстандық Ауған соғысы және жергілікті қақтығыстар ардагерлері одақтарының мүшелері қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 1979 жылғы желтоқсанның 25-і мен 1989 жылғы ақпанның 15-і аралығында болып өткен Ауған соғысына КСРО аумағынан 620 мыңнан астам жауынгер мен офицер қатысты. Олардың 525 мыңы ? Кеңес әскерлерінің құрамаларында, 90 мыңы ? Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің шекаралық бөлімдерінде, 5 мыңы ішкі әскерлер мен милиция қатарында өз міндеттерін өтеді.Осы соғыста Кеңес одағы жағынан 15 мыңдай адам оққа ұшып, 118 ұшақ, 800 танк және 11 мың 369 әр түрлі әскери техникалар жойылып кетті.Ал, Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтардың саны ? 22 мың 269 адам. Соғыс даласында Қазақстан 898 боздағынан айырылды. Жар құшып, бала сүйіп үлгірмеген 484 жас елге мүгедек болып оралса, 21 жас жігіт із-түзсіз жоғалып кетті. Ауған соғысының 110 айға созылған қанды қырғынынан аман-есен оралған 18 360 қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Қазіргі уақытта Қазақстан Қарулы Күштерінің сапында генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, генерал-майорлар Сәкен Жасұзақов, Николай Қуатов, Мүсілов Дайыров сынды Ауған соғысының ардагерлері абыроймен қызмет атқаруда. Ауған соғысының ардагерлері мемлекет назарынан тыс қалған емес. Президент Жарлығымен ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасары, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың еліміздің ең жоғары наградасы - «Халық Қаһарманы» атағын алуы ардагер-интернационалистерге көрсетілген үлкен құрмет. Шара шеңберінде қазақстандық ардагер-интернационалистер Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 20 жыл толуына арналған ескерткіш медальдармен марапатталатын болады.
Соңғы жаңалықтар