Алматыда «Біз нашақорлыққа қарсымыз! Салауатты өмір салты үшін!» деп аталатын жастардың шеруі өтеді

 АЛМАТЫ. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Жанар Шағалақова/ - Алматыда маусымның 26-сында Нашақорлықпен күрестің халықаралық күніне орай жастардың «Біз нашақорлыққа қарсымыз! Салауатты өмір салты үшін!» деп аталатын шеруі өтеді,

Алматыда «Біз нашақорлыққа қарсымыз! Салауатты өмір салты үшін!» деп аталатын жастардың шеруі өтеді

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шеруге Алматы қаласының маслихаты мен қала әкімшілігінің, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері және студенттер мен оқушылар қатысады.   Шеруге қатысатын адамдардың жалпы саны 1500 -ге жуық.

Нашақорлыққа қарсы шеру сағат 9.00-де Абай даңғылы мен Достық көшесінің қиылысындағы Республика сарайынан басталып, Орталық мәдениет және демалыс паркіне бағыт алады. Ал мәдениет және демалыс паркінде  «Жастар мен жасөспірімдер нашақорлыққа қарсы!» деп аталатын ұлттық спорт түрлерінен болатын спартакиадада  жеңіске жеткендер марапатталады деп күтілуде. Шеру соңы гала -концертке ұласады.