Алматыда «Біз соғысқа қарсымыз» деген тақырыпта шара өтті

АЛМАТЫ. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Жанар Шағалақова/ - Бүгін Алматыда «Біз соғысқа қарсымыз» деген тақырыпта   шара өтті,

Алматыда «Біз соғысқа қарсымыз» деген тақырыпта шара өтті

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оны Ұлы Отан соғысының басталғанына 68 жыл толуына орай қалалық ардагерлер кеңесі ұйымдастырды. Мұндай іс -шара  қазір  ТМД елдерінің көбінде  атап өтілуде.

 «Бұл мерекелік іс-шараның негізгі мақсаты - жастарға ата-бабаларының ерлігін дәріптеп, егемендіктің қандай жолмен  келгенін түсіндіру.  Тарихта алтын әріппен жазылған  1418 күн мен түнді қазақ жастары ешқашан ұмытпауы керек», - деді қоғам қайраткері,  профессор Ким Серікбаев. Оның айтуынша, қазір елімізде жыл сайын соғыс ардагерлерінің саны 20 пайызға кеміп келе жатыр. Осыдан 68 жыл бұрын ел шекарасын бұзып кіріп, бейбіт жатқан халықтың шырқын бұзған қайғылы күн халық есінен әсте шыққан емес. Онда  Қазақстаннан 1 миллион 266 мың адам әскер қатарына алынып, оның  650 мыңы  ғана елге қайтып оралды. Жалпы   бұл соғыста Отан қорғау жолында Кеңес Одағы бойынша 27 миллион жауынгер көз жұмды.