16:04, 18 Тамыз 2021 | GMT +5
Алматыда BMW X5 электр бағанын соғып құлатты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда BMW X5 автокөлігі электр бағанасын соғып құлатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, апат Науаи мен Тоқтабаев көшелерінің қиылысында болды.
«Бүгін таңертең сағат 10:35- тер шамасында Науаи көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан «Toyota Land Cruiser» көлігінінің жүргізушісі Тоқтабаев көшесімен батысқа қарай бұрылған кезде «BMW X5» көлігімен соқтығысты. Қатты соққыдан ол электр бағанасына соғылып, арыққа түсіп кетті»,- дейді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Құлаған бағаналардың бірі «Toyota Land Cruiser» көлігін басып қалды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, адамдар аман-есен. Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.