Алматыда бөгде адамдардың атынан несие алған алаяқ іздестіріліп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы куәлігін жоғалтқан адамдардың мойнына несие ілген алаяқты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда бөгде адамдардың атынан несие алған алаяқ іздестіріліп жатыр

«Алматы қаласында ер адам өзгелердің жеке куәлігін пайдаланып, екінші деңгейлі банктерде 2 млн теңгеден аса несие рәсімдеген. Жапа шеккендердің көпшілігі жеке куәліктерін жоғалтқан болып шықты. Бұл адам туралы ақпаратты білетін жандар болса 254-48-00; 54-48-03; +7-708-337- 85-17 немесе 102 телефонына хабарласуын сұраймыз», - дейді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.

null