Алматыда бокстан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

АЛМАТЫ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ақпанның 18-22 күндері бокстан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Достық спорт кешенде өтетін бұл байрақты бәсеке биыл бесінші рет ұйымдастырылуда. Оған Азия әуесқой бокс федерациясының (FABA) төрешісі астаналық Қайрат Манашаев бастаған қазылар алқасы төрелік жасамақ. Қазақстанның әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері Вадим Присяжнюктің айтуынша, оған қатысушылардың саны биыл жылдағыдан көбірек болады деп жоспарланып отыр. Былтыр 115 былғары қолғап шебері қатысқан болатын. «Бұрын ел біріншілігінде негізінен ұлттық құраманың үздіктері топ жаратын. Қазіргі таңда 48 киләда бақ сынайтын астаналық Наргүл Боранбаева мен 60 киләдағы қарағандылық Валерия Кюрлиг үлкен спорттан кетіп ұлттық құрама бұл салмақтарда көшбасшысыз қалды. Жалпы, биылғы дүбірлі додадан жаңа есімдерді күтіп отырмыз», дейді халықаралық дәрежедегі спорт шебері Вадим Присяжнюк. Наргүл бұған дейін Қазақстан чемпионатының үш дүркін чемпионы және 2006 жылы Түркияда өткен Ахмет Конер атындағы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанған болатын. Бас бапкердің сөзіне қарағанда, ел біріншілігінде топ жарғандар сәуір айында Түркияда өтетін Ахмет Конер атындағы «А» санатындағы халықаралық турнирге қатысады. Сондай-ақ қараша айында Вьетнамда жабық кешенде өтетін Азия ойындарында ел намысын қорғайды.
Соңғы жаңалықтар