Алматыда бокстан республика чемпионаты өтеді

АЛМАТЫ. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - 13-20 ақпан аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Қазақстан халықтары ІІІ спартакиадасы аясында үересектер арасында бокстан республика чемпионаты өтеді.
None
None

Сайысқа барлығы 160 боксшы қатысады. Олардың арасында 2010 жылғы Азия ойындарының үздік боксшысы Данияр Елеусінов, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Біржан Жақыпов және басқалары бар. Чемпионат үстіміздегі жылдың 13 ақпанында сағат 15.00-де салтанатты түрде ашылады, оған Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев, АІВА президенті Чинг-Кау-Ву мырза, қоғам қайраткерлері мен жанкүйерлер қатысады. Финалдық ойын мен марапаттау салтанаты 20 ақпан күні сағат 12.00-де болады.

Соңғы жаңалықтар