04:08, 30 Мамыр 2014 | GMT +5
Алматыда «Болашақ балалардың қолында» атты көрме өтеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 30 мамыр күні Алматы қаласында «Болашақ балалардың қолында» атты шығармашылық инновациялық жобалар көрмесі өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.
Көрмеде жалпы білім беретін мектептерде, лицей, гимназия, колледж және қосымша білім беретін басқа да ұжымдарда білім алатын оқушылардың туындылары қойылады.
Көрменің мақсаты - ғылыми, техникалық және көркемдік шығарма саласындағы оқушыларға қолдау көрсету және дарындылығын дамыту. Сонымен қатар қаланың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру.