Алматыда «Болашақ баспагер-редактор» байқауы өтеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Ағымдағы жылдың 25-ші наурызында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің ұйымдастыруымен республикада тұңғыш рет «Болашақ баспагер-редактор» байқауы өтеді,

Алматыда «Болашақ баспагер-редактор» байқауы өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқаудың негізгі мақсаты - мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, баспа ісі жөніндегі түсінік-танымын кеңейту, кітап дайындау, шығару, тарату кәсібіне баулу, баспа бизнесімен айналысуға жол ашу және жас мамандардың қызығушылығын ояту.

Байқау шарттары бойынша оған мектеп пен колледждерде оқитын барлық оқушылар қатыса алады.

Қатысушылар шығармашылық, безендіру, редакторлық-корректорлық сынақ бойынша жарысқа түсетін болады.