Алматыда «Болашақ» стипендиясының түлектері классикалық музыкадан концерт береді
АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең Алматыда ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері классикалық музыкадан концерт береді.
Бұл туралы ҚазАқпаратқа «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінен хабарлады. «Қазақконцертте» өтетін шарада Лондондағы Корольдық музыка академиясын тәмамдаған Ғалия Бейсенғалиева мен Айжан Нұркенова өз өнерлерін көрсететін болады. Онда музыканттар Мендельсонның, Бетховеннің, Бахтың, Брамстың және Бартоктың туындыларын орындайды.А. Нұркенова пианинода, ал Ғ. Бейсенғалиева скрипкада өнер көрсетеді.