Алматыда Болон үдерісінің негізгі өлшемдеріне жоғары оқу орындарының бейімделуі туралы жазғы мектеп өтуде

АЛМАТЫ. 2 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Темпус бағдарламасы аясында «Болон үдерісінің негізгі талаптарына Қазақстанның жоғары оқу орындарының бейімделуі» деген тақырыппен жазғы мектеп өз жұмысын бастады.
None
None

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінде өтіп жатқан бұл шара 5 шілдеге дейін созылмақ.

Оның мақсаты - тәжірибелік-бағдарлық дәрістер негізінде Болон  үдерісінің негізгі құрамдарына бейімделуге байланысты мәселені шешуде қатысушылардың білімі мен дағдысын жүйелендіру. Онда «Жоспарлау және оқыту нәтижелеріне қол жеткізу», «Жоғары білім сапасы кепілдігі жүйесін қалыптастыру»,  «Еуропалық үлгідегі диплом қосымшасы», «Жоғары оқу орындары қызметін стратегиялық жоспарлау» деген бөлімдер бойынша дәрістер мен тренингтер жүреді.

Жазғы мектеп жұмысына 25 жетекші жоғары оқу орнының оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруға және  білім сапасына мониторинг жасауға жауапты бөлімшелерінің жетекшілері, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредитациялау орталығының өкілдері қатысуда. Білім беру аяқталған соң оларға Темпус бағдарламасының ұлттық кеңсесі мен Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің бірлескен сертификаттары берілмек.

Соңғы жаңалықтар