Алматыда бомба туралы хабардан кейін гастрономнан 100 адам шығарылды

АСТАНА.  Тамыздың   4-і. ҚазАқпарат -  Дүйсенбіден сейсенбіге қараған  түні   Алматыдағы гастроном  мен  Павлодардағы   мәдени-ойын-сауық  орталығына   бомба қойылғандығы  туралы анонимді    қоңыраулар   түсті.

Алматыда   бомба  туралы    хабардан кейін гастрономнан   100 адам шығарылды

Алматыдағы гастрономнан  100 адам көшірілді.   Жүргізілген  арнайы шаралардың барысында Алматыда  да, Павлодарда  да    ешқандай  жарылғыш зат табылған  жоқ,  деп  хабарлады Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.