Алматыда «Бос орындар жәрмеңкесі-2011» өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 7 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыдағы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «PERSONA GRATA» компаниясының ұйымдастыруымен «Бос орындар жәрмеңкесі-2011» өтіп жатыр.

Алматыда «Бос орындар жәрмеңкесі-2011» өтіп жатыр

Аталған шараға Petrofac Engineering & Construction, Halliburton International Inc., Lloyd's Register Kazakhstan LLP, Samek International, PSN KazStroy, TOTAL E&P Kazakhstan, Carsberg, Coca-Cola, Қазкоммерцбанк, Еуразиялық банк, ПростоКредит сынды 15 жуық танымал компаниялар қатысып, жас мамандармен қарым-қатынас орнатуда.

"Біз бос орындар жәрмеңкесін IT, экономист, мұнай-газ бен инженеринг саласы сынды үш мамандықтың бағыты бойынша өткізудеміз. Біздің компания тек жәрмеңкелерді ғана өткізіп қоймай, жас мамандардың жұмысқа орналасуы мен көптеген тренингтер өткізумен айналысамыз", - дейді «PERSONA GRATA» компаниясының директорының орынбасары Дильфуза Нұрсейітова.

Сондай-ақ ол жәрмеңкеге қатысып жатқан компаниялар Алматының ҚазЭУ, ҚБТУ, ҚазҰТУ, ҚазҰУ сынды ең жетекші жоғары оқу орындарының студенттеріне қызығушылық танытатындығын атап өтті. "Компаниялар қойған талаптарға сай келетін студенттер жұмысқа тұрып, кейбірі тәжірибеден өтуге жолдама алып жатады. Бұл жас мамандардың елімізге танымал өндіріс орындарымен байланыс орнатып, жұмысқа орналасуының жақсы мүмкіндігі деп ойлаймын", - дейді «PERSONA GRATA» компаниясы директорының орынбасары.